Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ұлы Отан соғысы жылдарындағы көне алюминий қасық сақталған

Солтүстік Қазақстан облысы полициясының музейінде Ұлы Отан соғысы жылдарындағы көне алюминий қасық сақталған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Облыстық полиция ведомствосының музейінде сақталған төрт мыңнан астам экспонаттардың арасында ішкі істер органдарының ардагері Александр Понуровский сыйға тартқан ерекше қасық көзге түседі.

Полиция департаментінің музейінде Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске арналған экспозициялар ерекше орын алған. Құжаттар мен сирек фотосуреттердің арасында киім, қару және оқ-дәрілердің үлгілері сақталған. Сондай-ақ экспозициялардың құрамында майдангер-жауынгерлердің өмірі мен тұрмысын көрсететін ондаған экспонаттар бар: гимнастеркалар, котелектер, фляжкалар, қасықтар, құжаттар мен басқа да заттар.

Солтүстікқазақстандық Александр Понуровский 1940 жылы әскер қатарына шақырылған. Батыс майданда соғысып, 1942 жылы ауыр жарақаттанған. Емделгеннен кейін, Брестті, Гомельді алуға, Белоруссияны, Польшаны, Шығыс Германияны азат етуге қатысқан. Жеңісті аға лейтенант шенінде қарсы алды. Соғыстан кейінгі жылдары милиция қатарында қызмет еткен. Зейнет демалысына полковник шенінде шыққан. Музейге тартқан сыйлығының бірі қолдан аллюминийден жасалған жауынгер қасығы болды.

Көп жылдан бері ол солтүстікқазақстан полиция музейінің жауынгерлік ерлік залында сақталуда және экскурсияға келушілердің ерекше назарын аудартады.

СҚО ПД музейінің меңгерушісі Любовь Осинскаяның айтуынша, бұл қасықты ерекше қадірлейтін командиріне арнап Брест қаласының түбіндегі ұрыстағы демалыс уақытында жауынгерлердің бірі жасап берген. Ол ерекше сүйіспеншілікпен жасалып, үйде күтіп отырған сүйікті жарына аман-есен оралуға білдірілген тілектестік ретінде тарту етілген.

Әр түрлі жылдары Солтүстік Қазақстан облысының ішкі істер органдарында 771 майдангер қызмет атқарды. Бүгінгі күні олардың қатары сиреп, үшеуі ғана қалды. Жеңіс күні қарсаңында полиция басшылығы мен жеке құрамы олардың әрқайсысына, сондай-ақ 14 тыл еңбеккерлері мен соғыс ардагерлерінің үш жесірінің үйлеріне бармақ.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру