Полицейлер 700 мың теңгенің құрылыс заттарын ұрлап кеткен шымкенттікті құрықтады
Полицейлер 700 мың теңгенің құрылыс заттарын ұрлап кеткен шымкенттікті құрықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қаратау ауданының Полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданған. Ол өз арызында жер телімінде тұрған әрқайсысының ұзындығы 12 метрді құрайтын тоғыз дана темір құрылыс материалын (швейлер) белгісіз адам ұрлап кеткенін көрсеткен. Келтірілген шығын – 700 мың теңге.
Аталған жайт бойынша Қаратау АПБ криминалдық полиция бөлімі қызметкерлерімен жедел-іздестіру іс-шарасын жүргізу барысында жергілікті тұрғын анықталып, тиісті басқармаға жеткізілді.
Шымкент қаласының полицейлері тұрғындарға жеке мүлкіне сақ болуға шақырады.