Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО тұрғыны бақшасында марихуана өсірген

Алтай ауданында бақшасында марихуана өсірген 45 жастағы ер адам ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

«Қарасора-2021» республикалық жедел алдын алу іс-шарасы барысында полицейлер 250-ден астам егілген есірткі өсімдігін тәркіледі.

Алтай ауданының полиция қызметкерлері жедел алдын алу іс-шарасы барысында Серебрянск қаласының 45 жастағы тұрғыны бақшасында марихуана есірткі заттарын өсірумен айналысқанын анықтады.

Тінту барысында 262 жаңа жұлынған өсімдіктер, сондай-ақ полимерлі бөтелкелерде өсетін үш өсімдіктері табылып, тәркіленді.

Есірткі құралдарын сот – сараптамалық зерттеудің қорытындысына сәйкес, жұлынған 262 өсімдік сора тектес өсімдіктер болып табылады және жалпы салмағы 16 431 гр құрайтын есірткі құралдары – «каннабис» тектес өсімдікке жатады. Сонымен қатар бөтелкеде өсірілген үш түп қарасора тұқымдас өсімдік, салмағы 538,38 гр құрайтын кептірілген марихуана, салмағы 26,80 гр кептірілмеген марихуанасы бар үш полимерлі пакет табылып, салмағы 59.33 гр құрайтын гашиш тәркіленді.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 300-бабының 1-бөлігі (Құрамында есірткі заттары бар, өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз өсіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру