Полицейлер атыс қаруының сақтау ережелерімен бөлісті
Жамбылдық полицейлер атыс қарулары мен оқ-дәрілерді сақтау ережелері туралы айтып берді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Егер сіз қару иесі болсаңыз, учаскелік полиция инспекторына немесе азаматтық және қызметтік қару-жарақтың айналымын бақылау тобының қызметкеріне қару-жарақтың сақталу жағдайын тексеру үшін келуге әрқашан дайын болыңыз, олар сейфті, оның бекітілуін және дабылдың болуын тексеруге құқылы.
– Заңнамаға сәйкес, қару-жарақты сақтау үшін еденге немесе қабырғаға мықтап бекітілген, қабырғасының қалыңдығы кемінде 3 мм және есіктің ішкі құлпы бар металл шкаф (сейф) қажет. Сейф иесінің тұрақты тұратын жерінде болуы тиіс. Тұратын бөлмелердің қабырғаларына қаруды ілуге жол берілмейді, – деді Жамбыл облысының ПД ӘПБ азаматтық және қызметтік қару айналымын бақылау тобының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Шухратжон Юлдашев.
Егер қару иесі қалада тұрса, онда қару тұратын сейф бөлме, пәтер немесе жекеменшік үй міндетті түрде үй-жайларды қорғаудың сертификатталған жүйесімен жабдықталуы тиіс немесе қашықтан басқару құралын орнататын қауіпсіздік компаниясымен келісім жасасуы керек. Иесінің қалауы бойынша қару сақталатын үй-жай немесе металл шкаф (сейф) дабылдау жүйесімен жабдықталады.
Егер қару иесі бір айдан астам уақытқа басқа елдімекенге кетсе, онда қаруды тұрғылықты жері бойынша ішкі істер органдарына немесе орталықтандырылған сақтау пункттеріне (ОСП) уақытша сақтауға тапсыруы қажет.
Полиция қызметкерінің айтуынша, сейфте тек қару мен оның оқ-дәрілері сақталуы тиіс. Азаматтарға тегіс ұңғылы қарудың оқ-дәрілерін – 500 данадан, ойық қарудың әрбір бірлігіне – 100 данадан, газды қаруды – 50 данадан, аңшылық оқ-дәріні – 500 грамнан асырмай сақтауға рұқсат беріледі.
Егер қару иелерінде азаматтық тегіс ұңғылы қарудың – 500 данадан астамы, бірақ екі мың данадан аспайтын оқ-дәрілер болса, онда оларды сақтау жеке металл шкафта (сейфте) жүзеге асырылады.
– Осы талаптарды бұзғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 484-бабы бойынша (қаруды, оның оқ-дәрілерін сақтау тәртібін бұзу) жеке тұлғаларға – 27 780 теңге, заңды тұлғаларға 55 560 теңге мөлшерінде айыппұл салу түріндегі әкімшілік жауапкершілік көзделген. Жыл басынан бері 224 қару иесі осы заң бабын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – деді Шухратжон Юлдашев.
Қару мен оқ-дәрілерді сақтау үшін жағдай болмаған кезде, Сіз өз қаруыңызды заңды тұлғалардың орталықтандырылған сақтау пункттерінде сақтауға құқығыңыз бар, қару иесі қаруды ОСП-де сақтауға арналған шарт жасалғаннан кейін қаруды тіркеу орны бойынша аумақтық полиция органына сақтауға арналған шарттың көшірмесін қоса бере отырып, жазбаша хабарлауға тиіс. Бұдан әрі шарттың қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін полиция қызметкерлері қару мен оқ-дәрілерді иесінің тұрғылықты жері бойынша шарттарының сақталуын бақылауды жүзеге асырмайды.
Полиция қызметкерлері сақтауға тапсырылған қаруды заңды тұлғалардың қаруды орталықтандырылған сақтау пункттерін тоқсан сайын тексеру кезінде тексереді.
Қазіргі уақытта Тараз қаласының аумағында қару мен оның оқ-дәрілерді орталықтандырылған сақтаудың үш пункті жұмыс істейді:
– «ПЦХ ARSENAL KAZ» ЖШС (Тараз қ., Санырақ батыр к-сі, 45 «А» үй);
– «ПЦХ СТАЛЕР» ЖШС (Тараз қ., мкр. «Алатау», 11 үй);
– «ПЦХ Аль-Таир» ЖШС (Тараз қ., Комратов к-сі, 156 үй).