Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы облысының ПД бастығы жол сақшыларының қызметтегі басымдықтарын атап өтті

Алматы облысының ПД бастығы Серік Кудебаев жол сақшыларына жиын өткізіп, қызметтегі басымдықтарды атап өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бүгін Алматы облысы ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының Патрульдік полиция ротасы мен Талдықорған қалалық Патрульдік полиция ротасының қызметкерлері жаппай сапқа тұрғызылды. Жол сақшыларына тарату жүргізген облыстың бас полицейі Серік Кудебаев қызметтік көліктердің техникалық жағдайын тексеріп, қызмет атқару кезінде құқық бұзушылыққа жол бермеу қажеттілігін атап өтті.

– Талап барлығымызға ортақ. Сондықтан, көліктерді қысқы мезгілге дайындау, сондай-ақ санитарлық талаптарды сақтау тәртібін өзімізден бастауымыз қажет. Билік өкілі ретінде жолаушыларға сіздер үлгі көрсетулеріңіз қажет. Ауа-райының суықтығын және жолдардың тайғақтығын ескере отырып, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын күшейтуді тапсырамын. Жолда құқық бұзушылықтың алдын алумен қатар, қауіпті жол учаскелерінде қайғылы жағдайларды болдырмас үшін кезекшіліктер ұйымдастыру қажет, – деді облыстық Полиция департаментінің бастығы Серік Кудебаев.

Сонымен қатар, ведомство басшысы полицейлердің мемлекет деңгейінде беделін арттыру мақсатында жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтып, әр тәртіп сақшысы өз атына лайық болуы үшін абыроймен қызмет атқаруы керек екенін жеткізді. Сап түзеген полиция қызметкерлерінің жаһанды жайлаған коронавирус індетінің алдын алу жұмыстарындағы еңбегі ерекше ескеріліп, талапқа сай жұмысты жалғастыру керектігі тапсырылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру