Полицейлер балаларын мерекемен құттықтады
1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күнімен тергеушілер өз балаларын құттықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Полиция қатарында қызмет ететін тергеушілер мен анықтаушылар өз балалары арқылы барлық баланы мерекемен құттықтауды жөн санады. Балапандар да ата-аналарының полиция қатарында халық игілігі үшін қызмет ететінін ұғынып, өз кезегінде полиция қызметкерінің баласы деген атқа лайық болуға тырысады. Әрбір бүлдіршіннің жетістігі – ата-анасы үшін үлкен мақтаныш.
– Бұл жәй ғана атаулы күн емес, болшаққа бағдар жасайтын маңызды шаралардың бірі. Адамзат алдына қойған міндеттерінің бірі, әрі бірегейі-болашақ ұрпақтың бақытты өмірін қамтамасыз ету. Аталарымыз «Балалы үй – базар, баласыз үй-мазар, – деп босқа айтпаса керек. Жұмыстан шаршап, шалдыққан сәттерде алдыңнан томпаңдап, былдырлап, бала тілімен өз әңгімесін айтып, у-шу болған балапандарды көргенде, бәріміз барлық ауыртпалығымызды ұмытамыз. Бұл сезім кімді болмасын, өзгеше бір күйге кенелтеді, – деп бөлісті Алматы қ. ПД Тергеу басқармасы басшысының орынбасары Руслан Чарапиев.
Барлық балаларды тәртіп сақшылары жаздың бірінші күнімен және онымен қатар келіп жеткен атаулы мерекелерімен шын жүректен құттықтайды.
– Оларға бақытты балалық шақ, денсаулық тілейміз! Еліміз тыныш,деніміз сау, аспанымыз ашық болғай! Еліміздегі жас өскелең ұрпақ аман болсын!, – деп толықтырды өз тілегін Р.Чарапиев.