Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жедел қызметтегі әскери қызметшілер сарбаздармен кездесті

6505 әскери бөлімінде қылмыстық-атқару жүйесі қызметкерлерінің жедел қызметтегі әскери қызметшілермен кездесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Кездесу Қарағанды облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің кадр аппараты қызметкерлерінің кәсіптік-бағдар беру жұмысы аясында өткізілді.

ҚP Ұлттық Ұланының әскери қызметшілері қылмыстық-атқару жүйесі қызметкерлерімен тығыз байланыста жұмыс жүргізіп, сотталғандарды күзету, бақылау және қадағалау, ұстау режимін
сақтау функцияларын атқарып келеді. Соған байланысты, 6505 ӘБ-де жедел қызмет өткерген соң кешегі жауынгерлер белгілі бір білім мен практикалық дағдыларға ие бола отырып қылмыстық-атқару жүйесінде қызметтерін жалғастыра алады.

Кездесу кезінде ҚАЖ қызметкерлері жауынгерлерге бос жұмыс орындары, қызметке үміткерлерге қойылатын біліктілік талаптары туралы, құқық қорғау қызметіне кіру және қылмыстық-атқару жүйесінде қызмет өткеруде көрсетілетін жеңілдіктер, қызмет барысында жоғарылау мүмкіндіктері туралы әңгімелеп, қойылған сұрақтарға жауап берді.

Құқық қорғау органдарының қылмыстық-атқару жүйесіне қызметке тұруға мүдделі барлық азаматтар Қарағанды қ. Поспелов к-сі, 17 мекен-жайында орналасқан Қарағанды облысы бойынша ҚАЖД кадр саясаты бөліміне 8(7212) 30-01-60 телефон нөмірі арқылы хабарласуы қажет.
Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру