Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Бұрын сотты болған жеке кәсіпкер түрмеде жиһаз жасайды

Қарағанды облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің Долинка кентінде орналасқан АК-159/7 мекемесі қауіпсіздігі жоғары колонияда төрт жыл бұрын бизнесін ашқан сотталғандардың бірі бостандыққа шықса да, жеке ісін жалғастырып келеді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Сотталғандарға бас бостандығынан айыру орындарында жеке ісін ашу ҚР Қылмыстық атқару кодексінің 119-бабы 4-тармағы (сотталғандар мекеме аумағында жеке еңбек қызметімен айналыса алады) аясында берілген. Осы мүмкіндікті Артём Забара пайдаланып, мекемеде кәсіпкерлік қызметін бастап, жиһаз шығарумен айналысады.

Кәсіпкер барлығы жалпы 10 000 000 теңгеден астам сомаға жиһаз жасап, айына орташа алғанда 300 000 теңгеге өнімін өткізе алады. Оң мінездемесіне байланысты Шахтинск қалалық сотымен Артем жазасын өтеуден мерзімінен бұрын босатылған. Босатылған соң да ол өзінің кәсібін тоқтатпады. Оның еңбегі табыс табу ғана емес, сонымен бірге басқа сотталғандарға да көмек көрсетуге бағытталады. Қазіргі уақытта оның қоластында бес адам жұмыс істейді. Жұмысшылармен еңбек шарттары жасалған, жалақы төленеді және әлеуметтік пакет беріледі.

– Бостандығынан айырылған адам үшін еңбек – ол тек жалақы ғана емес, олардың өміріндегі маңызды бір фактор, бостандыққа тезірек жетуге деген ынталандыру. Сол себепті, әр жұмыс істейтін сотталған өзінің жұмыс орнын құрметтейді, берілген тапсырмаларды біліктілікпен және сапалы орындайды, – дейді бұрынғы сотталған Артём Забара.

Бас бостандығынан айыру орындарында дйындалатын өнімдер әртүрлі. Жиһаз корпусынан бастап металл өңдеу, өз жылыжайларында көкөністер мен саңырауқұлақтар өсіруге дейін ұйымдастырылған.

Алдағы уақытта сотталғандар мекеме жанындағы колледжде оқып, өздерінің бағыттары
бойынша мамандық алып шыға алады.
Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру