Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Мерейтой иелері марапатталды

Алматы облысының полициясы мерейтой иелері ардагерлерге естелік медальдарын табыстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

25 мамыр күні Ішкі істер және Ұлттық гвардия ардагерлер кеңесінің облыстық және қалалық төрағалары Болат Қожақов пен Есімхан Қартқожин облыстық Полиция департаменті мен Талдықорған қалалық Полиция басқармасының басшылығы, сондай-ақ барлық ардагерлер атынан мерейтой иелері-ардагерлер Юрий Цойді 80 жылдық және Тұрарбек Байқашты 70 жылдық мерейтойларымен салтанатты түрде құттықтады.

Құттықтау сөздерінде Юрий Васильевичтің облыстық медициналық қызметтің басшысы ретінде қызметкерлердің денсаулығының күзетінде 35 жыл тұрғанын атап өтті. Оның қызметін тәртіп сақшылары жоғары бағалап, сөздерін жандарына медеу тұтқан және ол науқастардың тезірек жазылуына білген-түйгенін аямастан еңбек еткен. Тұрарбек Құмарұлы Талдықорған облысы ІІБ әртүрлі лауазымдарда қызмет етіп, өзіне жүктелген міндетті асқан жауапкершілікпен атқарды. Оның талапшылдығы мен қағидатшылдығы, өзгелерге деген сыйластығы беделін арттырып, ел құрметіне ие болды. Қос ардагер де мүлтіксіз қызметтері үшін көптеген наградаларға лайық.

Мерейтой иелерін құттықтап, оларға ұзақ ғұмыр тіледі және медальдар табысталды. Балалық шағы соғыспен және соғыстан кейінгі қиын кезеңмен тұспа-тұс келген Ю. Цойға құттықтау грамотасы мен “Жеңіс” медалі, ал милиция генерал-майоры Ә. Болсамбековтің басшылығымен жұмыс жасаған Тұрарбек Құмарұлына атақты генерал бейнеленген естелік медалі табыс етілді.
Ардагерлер қамқорлық танытып, көңіл бөлген, құрмет көрсеткен Алматы облысы ПД басшылығы мен ішкі істер органдарының Ардагерлер кеңесіне шексіз алғысын білдірді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру