Полицейлер бөтеннің үйінен телефон ұрлаған шымкенттікті анықтады
Полицейлер бөтеннің үйінен телефон ұрлаған шымкенттікті анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
26 қарашада Еңбекші АПБ-на Түркістан облысының тұрғыны арызданған. Ол өз арызында Шымкент қаласындағы үйінен белгісіз тұлға Samsung маркалы ұялы телефонын ұрлап кеткенін көрсеткен.
Еңбекші АПБ-ның криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлерінің жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Шымкент қаласының тұрғыны анықталып, басқармаға жеткізілді.
Қазіргі таңда ұялы телефон ұрлаған азаматқа қатысты ҚР ҚК-нің 188-бабы 2-бөлігімен (Ұрлық, яғни бөтеннің мүлкін жасырын жымқыру) қылмыстық іс тергелуде. Аталған азаматтың басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоқтығы тексерілуде.