Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар полицейлері шетелдіктен кастет тәркіледі

Павлодар полицейлері Тәжікстан азаматынан кастет тәркіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.

20 қараша Павлодар қаласында Торайғыров және Б. Жырау көшелерінің қиылысында патрульдеу кезінде Павлодар қаласы ПБ патрульдік полиция батальонының инспекторларымен ұсталған 27 жастағы Тәжікстан азаматынан металлдан жасалған кастет табылып, тәркіленді.

– Жас жігіттің айтуынша, кастетті өзін-өзі қорғау мақсатында өзі жасап алған. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 287-бабы 1-бөлігі (Суық қаруды заңсыз сақтау) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Сараптама тағайындалды, – деп хабарлады Павлодар облысы ПД баспасөз қызметі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру