Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Полицейлер екі шымкенттікке 2,5 млн теңге болатын жоғалған жылқыларын тауып берді

Полицейлер екі шымкенттікке 2,5 млн теңге болатын жоғалған жылқыларын тауып берді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Тәртіп сақшылары Абай ауданы тұрғындарының асыл тұқымды жылқылары ұрланғаны туралы хабарлауы бойынша іздестіру іс-шараларын жүргізді. Арызданушылардың айтуынша, төрт түлік түнде сарайдан жоғалып кеткен. Азаматтардың екеуі де миллион теңгеден астам шығынға ұшыраған.

Іздеуге учаскелік инспекторлармен мен криминалдық полиция қызметкерлері жұмылдырылды.
Нәтижесінде жылқылар жарты кунде табылды. Олар мекенжайлардан бірнеше шақырым жерде жайылып жүрген. Ірі қара мал иелеріне қайтарылды. Тұрғындар өз кезегінде полицейлерге жедел жұмысы үшін алғыс білдірді.

Айта кетейік, қазіргі таңда мегаполисте үй жануарларын ұрлау қылмысының алдын алуға және ашуға бағытталған «Мал ұрысы» профилактикалық іс-шарасы жүргізіліп жатыр. Екі күн ішінде шаруашылық жануарларын жаю қағидаларын және ветеринария саласындағы заңнаманы бұзудың 52 жайты анықталды.

Құқық бұзушылар ҚР ӘҚБтК-нің 408 және 406-баптары бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Полицейлер малды қараусыз жіберудің салдары мал ұрылығына себеп болатынын ескертеді. Сонымен қатар жүгенсіз жүрген жануарлар көлік жүргізушілеріне қауіп төндіріп, әртүрлі жол-көлік оқиғаларына себеп болуы мүмкін.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру