Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда есірткі жасырып кетуші қолға түсті

Алматыда есірткі жасырып кетуші қолға түсті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Күдіктіні қаланың төменгі бөлігіндегі тұрғын ауданда қызмет етіп жүрген патрульдік полиция қызметкерлері әшкереледі.

– Ер адамның іс-әрекеті күдік туғызды. Жедел-тергеу тобы оны жеке тінту барысында құрамында ұнтақты зат бар байламдарды тауып, тәркіледі. Оларға қатысты сот-химиялық сараптама тағайындалды.

Сотқа дейінгі тергеу басталды. Ұсталған азамат қамауға алынды, – деді Түрксіб аудандық ПБ-на қарасты полиция бөлімінде.

ҚР ҚК-нің 201 бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді.
ҚР Конституциясының 77 бабы 3-бөлімі, 1-тармағы, ҚР ҚК-нің 19-бабы 1-тармағына сай кез келген азамат сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін кінәсіз деп саналады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру