Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Полицейлер екі ұрлықтың жолын кесті

Қарағанды облысының полицейлері күдіктілерді қылмыс үстінде құрықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

17 желтоқсан күні Қарағанды облысы Жезқазған қалалық Полиция басқармасының патрульдік полиция ротасының қызметкерлері қызмет өткеру барысында темір гараждың маңын айналшықтап жүрген жігіттерді байқаған.

Полиция қызметкерлеріне гараждардың маңын айналшықтап жүрген жігіттердің әрекеті және сол маңда тұрған жүк көлігі күдік тудырған.

Тәртіп сақшылары жүк көлігінің 32 жастағы жүргізушісі мен 26 жастағы қала тұрғынын тексеру барысында олардың қаладағы мекемелердің бірінен манипулятор жүк көлігін жалға алып, сұраған адамдарға гараждың өздеріне тиесілі екенін айтпақшы болып, 56 жастағы қала тұрғынының темір гаражын алып кетпекші болғаны анықтады. Полиция қызметкерлерінің жедел әрекеттерінің арқасында ұрлықтың жолы кесілді.

19 желтоқсан күні Қарағанды қаласы Полиция басқармасының патрульдік полиция полкінің қызметкерлері сағат 04.00 шамасында Зеленский көшесінің бойында қызмет өткеру барысында аталған көшенің аулаларының бірінде «Газель» автокөлігінің маңында жүрген күдікті азаматты байқаған. Полиция қызметкерлерін көрген жігіт қаша жөнелген. Күдікті азамат ұсталып, оның аталған көліктен құны 17 мың теңге тұратын құрал-саймандарды ұрламақшы болғаны белгілі болды.

Екі факт бойынша да Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 24-188-бабы (Ұрлық жасауға оқталу) бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру