Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылорда тұрғыны елордада алаяқтықпен айналысқан

Елордалық полицейлер жалға берілетін пәтерлермен байланысты алаяқтық жасады деген күдікпен 27 жастағы азаматты ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Елорда тұрғыны полицияға жалға берілетін пәтерлермен байланысты алаяқтық фактісі бойынша жүгінген.

Жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында полицейлер осы қылмысқа қатысы бар Нұр-Сұлтан қаласына жақында келген Қызылорда облысының 27 жастағы тұрғынын ұстады.

Күдікті пәтерді бірнеше күнге жалға алып, әрі қарай баспананы жәбірленушіге 110 мың теңгеге ұзақ мерзімге жалға берген.

Қазіргі уақытта оның осыған ұқсас алаяқтық бес фактісіне қатысы бар екені, яғни жалпы сомасы 400 мыңнан астам теңгеге пәтерлерді үшінші адамдарға қайта жалға бергені анықталды.

Ұсталған адам уақытша ұстау изоляторына қамалды, тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Оның елорда аумағында жасалған осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталуда.

Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті азаматтарға тұрғын үйді жалға берген кезде қырағы болуды, пәтерді жалға алу кезінде меншік құқығын растайтын құжаттарды және коммуналдық төлемдердің төленгені жөніндегі түбіртектерді мұқият тексеруді ескертеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру