Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Полицейлер көшеде иесіз жүрген асыл тұқымды итті ұрлаған ер адамды анықтады

Жетісай полицейлері көшеде иесіз жүрген асыл тұқымды итті ұрлаған ер адамды анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жетісай полициясына жергілікті тұрғын арызданды. Жәбірленуші әйелдің айтуынша, оның ауласында байлаулы тұрған аңшы тұқымдас иті үйінен қашып кеткен. 3 күн қатарынан итін іздеген тұрғын таба алмаған соң полиция қызметкерлерінен көмек сұраған. Жәбірленушіге келген шығын – 60 мың теңге.

Аталған жайт ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша тіркелді.

Жетісайлық учаскелік полиция инспекторлары тұрғынның жоғалған итін табу мақсатында жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізді. Көрген-білгендерден сұрастырды. Нәтижесінде ақпарат көздері арқылы күдіктінің жеке басы анықталды. Ол жергілікті тұрғын болып шықты.

Анықталғандай, күдікті ер адам көше бойында иесіз жүрген итке көзі түсіп, оны өзінің автокөлігіне салып, оқиға орнынан бой тасалаған. Қазіргі таңда күдікті ер адамға қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

– Жетісай ауданының полицейлеріне үлкен алғысымды айтамын. Олар менің жоғалған аңшы итімді тез арада тауып берді. Еңбектеріңіз елене берсін, – деп тұрғын алғысын білдірді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру