Полицейлер Павлодар қаласының тұрғынынан әскери арсеналды тәркіледі
Полицейлер Павлодар қаласының тұрғынынан әскери арсеналды тәркіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жедел мәліметтер бойынша, бұрын үш рет сотталған 1993 жылы туған А.есімді азамат, жалдамалы пәтерде сегіз бірлік әскери қаруды сақтаған.
– Күдікті қамауға алынды. Одан карабин, винчестер, «Макаров» жүйелі тапаншасы және әр түрлі үлгідегі бес шонтық мылтық табылды және тәркіленді. Қару-жарақ сот-баллистикалық сараптамаға жіберілді, оның барысында олардың шығу тегі, тиесілігі және қылмысқа қатыстылығы белгілі болады. ҚР ҚК-нің 287-бабы 3-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. А.азамат ұсталды, – деп хабарлады Алматы қаласы Полиция департаменті бастығының орынбасары Берік Әбілбеков.