Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте бір күнде мыңнан аса әкімшілік құқық бұзушылық анықталды

Шымкентте “Құқықтық тәртіп” жедел-профилактикалық іс-шарасының бір күнінде 1 077 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шымкент қаласы Полиция департаментінің өызметкерлерімен ағымдағы жылдың 22-24 желтоқсан аралығында көшелерде және басқа да қоғамдық орындарда тиісті құқықтық тәртіпті сақтау, қылмыстарды ескерту және жолын кесу мақсатында қала аумағында “Құқықтық тәртіп” жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

Іс-шараның бір тәулігінде жалпы 1 077 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды.

Оның ішінде:

– Ұсақ бұзақылық  – 126 жайт;

– Тыныштықты бұзу  – 52;

– Қоғамдық орында мас күйде болу немесе спирттік ішімдік ішу – 179;

– Кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде болуы – 79;

– Тiркеусiз не жеке басты куәландыратын құжаттарсыз тұру – 329;

– Қауiпсiздiк белдiктерiмен жабдықталған көлiк құралдарымен жүру кезiнде қауiпсiздiк белдіктерiн пайдаланбау – 128;

– Жаяу жүргiншiлердiң және жол жүрісіне өзге де қатысушылардың жол жүрісі қағидаларын бұзуы – 153 жайт және басқа да құқық бұзушылықтар.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру