Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Полицейлер Қарағанды облысы тұрғынынан төрт қару тәркіледі

Полицейлер Қарағанды облысы тұрғынынан төрт қару тәркіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.

15 қаңтар күні Ұлытау аудандық полиция бөлімінің қызметкерлерімен «Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу іс-шарасы өткізілді.

Жедел іс-шара өткізу барысында полиция қызметкерлеріне ауданға қарасты ауылдардың бірінің тұрғынында тіркелмеген қару бары туралы жедел ақпарат түсті. Түскен ақпарат бойынша 46 жастағы азаматтың үйіне жүргізілген тінту жұмыстары барысында полицейлер төрт бір ұңғылы қару тәркіледі. Алынған қарулар сараптамаға жіберілді. 

Аталған факт бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 287-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру