Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында көктайғақ салдарынан жол апаты болып, екі адам көз жұмды

Павлодар облысында көктайғақ салдарынан жол апаты болып, екі адам көз жұмды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

18 қаңтарда сағат 12:14 шамасында Аққулы ауданы Әйтей мен Шабар ауылдарының арасындағы Омбы-Майқапшағай автожолының 505 шақырымында көктайғақ жағдайында Volkswagen автокөлігінің 51 жастағы жүргізушісі рульді басқара алмай, қарсы қозғалыс жолағына шығып, Lada-21214 (Нива) автокөлігімен соқтығысқан.

– Жол-көлік оқиғасы салдарынан 51 жастағы Volkswagen автокөлігінің жүргізушісі мен 58 жастағы жолаушы оқиға орнында көз жұмды. Lada-21214 автокөлігінің 31 жастағы жүргізушісі мен 24 жастағы жолаушысы түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді, – деп хабарлады Павлодар облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Полиция автокөліктер арнайы айыптұраққа қойылғанын атап өтті. Тексеру жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру