Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Полицейлер қарт тұрғынның куәлігін жаңартып берді

Түркістан облысының полицейлері қарт тұрғындардың үйіне барып, құжаттарын жаңартуға көмек көрсетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түлкібас ауданы Тастұмсық ауылының тұрғындары ерлі-зайыпты IIтоп мүгедегі Яхия Абдуллаев пен «Алтын алқа» иегері Нарзанкүл Абдуллаевалар полиция қызметкерлеріне алғыс білдірді.

Ақжаулықты ана, Түлкібас АПБ көші-қон қызметі тобының аға инспекторы Нұрман Шыңғысбаевқа карантин уақытында мерзімі өткен құжаттарын жаңартып, дайын жеке куәліктерін үйлеріне дейін әкеліп беріп, құжаттарын кезексіз рәсімдеп заңдастырып бергені үшін шынайы ризашылығын жеткізді.

– Менің жұбайым екінші топ мүгедегі. Өзім көпбалалы анамын. Құжаттарымызды дер кезінде жасап берді. Әрдайым қорғанымыз болған, әрі көмекшіміз атанған полиция қызметкерлеріне алғысымды білдіремін, – дейді Нарзанкүл Абдуллаева.

Жалпы, Түркістан облысы полицейлері карантин режимі кезінде әрбір ауданқаладағы жеке куәлігінің мерзімі өткен, мүгедек және қарт тұрғындарға көшпелі қызмет түрін көрсетіп, олардың үйіне арнайы барып, жеке куәліктерін қайта рәсімдеуге көмектесуде. Жүріп-тұруы қиын азаматтар мен қарттардың құжаттарын жаңартуға қызмет көрсетуді жалғастыруда.

Осындай жанашырлыққа, кәсібилікке қарттарымыз риза болып, полицейлерге рахметін айтып, ақ батасын беруде. Сондықтан Түркістан облысының полицейлері қашанда халыққа жақын  болыпқызмет ете бермек.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру