Полицейлер садақа жәшігіндегі ақшаны үптеп кеткен шымкенттікті құрықтады
Полицейлер садақа жәшігіндегі ақшаны үптеп кеткен шымкенттікті құрықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Әл-Фараби ауданының Полиция басқармасына “Әл-Муслим” мешітінің бас имамы арызданған. Ол өз арызында белгісіз тұлға мешіттегі садақа жәшігінің құлпын бұзып, жасырын түрде ішінде болған ақшаларын ұрлап кеткенін жазып көрсеткен.
Аталған жайт бойынша Әл-Фараби АПБ криминалдық полиция бөлімі қызметкерлерімен жедел-іздестіру іс-шарасын жүргізу барысында садақа жәшігіне қол салған азамат анықталып, ұсталды.