Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Полицейлер Сәтбаев тұрғынын өлтіріп кеткен адамды анықтауда

Полицейлер Сәтбаев тұрғынын өлтіріп кеткен адамды анықтауда, – деп хабарлайды Polisia.kz.

20 тамыз күні сағат 01:00 шамасында белгісіз біреулер қару қолдану арқылы 41 жастағы Сәтбаев қаласының тұрғынын өлтіріп кетті.

Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 99-бабына (Адам өлтіру) бабына қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Оқиға орынында Қарағанды облыстық Полиция департаментімен Сәтбаев қалалық Полиция бөлімінің жедел-тергеу топтары жұмыс жасауда.

Қылмыстық іс бойынша әртүрлі нұсқалар тексерілуде.

Қазіргі уақытта аталған қылмысты ашу, күдіктіні анықтау бойынша жан-жақты кешенді іс-шаралар жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру