Полицейлер сауда үйлерінің бірінен велосипед ұрлаған азаматты ұстады
Қарағандылық полицейлер кезекті велосипед ұрлығын ашты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
26 қазан күні Қарағанды қаласының полицейлеріне велосипед сатумен айналысатын 50 жастағы кәсіпкер хабарласып, қаладағы сауда үйлерінің бірінде сатуға қойылған велосипедін белгісіз біреулердің ұрлап кеткені туралы шағымданған.
Келтірілген шығын көлемі 120 мың теңгені құрады.
Полиция қызметкерлері сауда үйінде орнатылған бейнебақылау камераларының жазбаларын қарап, аталған ұрлықты жасаған азаматты анықтады.
Өткізілген жедел-іздестіру іс-шараларының барысында 33 жастағы күдікті ұсталып, одан ұрланған велосипед тәркіленді.
Аталған факт бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабына (Ұрлық) сәйкес қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.