Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада жоғалған жасөспірім табылды

Қызылордалық полицейлер жоғалған жасөспірімді тауып, ата-анасымен табыстырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда облысы Қазалы ауданының 31 жастағы тұрғыны кәмелетке толмаған ұлының үйінен шығып кетіп, қайтып келмегені туралы полицияға хабарлаған.

Жасөспірімді іздеу шараларына аудандық полиция бөлімінің жеке құрамы, білім бөлімінің қызметкерлері, еріктілер қатысты.

Іздеу барысында ауданның барлық ауылдары мен жолдары, вокзал маңы, орман алқаптары түгел қамтылды.

Қарқынды іздестіру шараларының нәтижесінде жоғалған бала таңғы сағат 05:30 шамасында табылды.

Жасөспірімнің үйден кету себептері анықталып жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру