Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы облысының полицейлері саяжай секторларын тексеруде

Алматы облысында полицейлер алдын алу іс-шаралары аясында саяжай секторларын аралауды жалғастыруда, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Естеріңізге сала кетейік, құқық бұзушылықтардың алдын алу шараларын күшейту, сондай-ақ азаматтармен тығыз, сенімді қарым-қатынас орнату мақсатында 2020 жылдың 7 қыркүйегі мен 1 желтоқсаны аралығында Алматы облысының аумағында “Учаске” жедел-алдын алу іс-шарасы өткізіліп жатыр.

– Учаскелік полиция инспекторлары “Үйтас” саяжай алабындағы аулаларды аралауда. Басты мақсат – тұрғындар туралы ақпарат жинау, тұрғындарға учаскелік инспектордың байланыс деректері бар визиттік карточкаларын табыстау, профилактикалық әңгімелесулер жүргізу және түрлі қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың жолын кесу. Акция барысында белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдарға, кәмелетке толмаған балалары бар әлеуметтік жағдайы төмен отбасылар мен бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарға ерекше назар аударылады, – деп хабарлады Талдықорған ҚПБ бастығының орынбасары Марат Түсіпбеков.

Алдын алу іс-шарасының алғашқы күнінің өзінде мектеп жасындағы балалары бар екі әлеуметтік жағдайы төмен отбасы анықталды. Балалар Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына орналастырылды, онда олардың және ата-аналарының әрі қарайғы тағдыры шешілетін болады.

– “Учаске” жедел – алдын алу іс-шарасы барысында тұрғын үй-жайларды заңсыз жалға беру, шетел азаматтарының заңсыз жүруі, сондай-ақ қаруды заңсыз сақтау деректерін анықтау бойынша жұмыстар жоспарланғанын атап өткім келеді. Біз әр саяжайды мүмкіндігінше қысқа мерзімде аралауды жоспарлап отырмыз. Сондай-ақ қаланың басқа саяжай учаскелерінде де осындай алдын алу іс-шараларын өткізу жоспарланған, – деп толықтырды Марат Түсіпбеков.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру