Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Полицейлер тұрғындарға судағы қауіпсіздік ережелерін түсіндірді

Павлодар облысында судағы төтенше жағдайлардың алдын алу, су қоймаларында балалардың қаза болуын болдырмау мақсатында "Су қоймаларындағы балалардың қауіпсіздігі" акциясы өткізіліп жатыр, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Осы кезеңде полицейлер көпшілік демалатын орындарды, су қоймаларын және жағажайларды аралап, тақырыптық жадынамаларды таратып, судағы қауіпсіздік ережелерін түсіндіреді.


Судағы қайғылы оқиғаларды болдырмау үшін:

- балаларды үлкендердің қарауынсыз су қоймаларына жібермеу;
- суға шомылу кезінде балаларға суға секіріп, жағадан сүңгуге тыйым салу;
- тек рұқсат етілген орындарда шомылу;
- көпірдің астында және ұсынылған тереңдіктен әрі қарай жүзбеу сияқты бірнеше ережелерді сақтау қажет.

Балалардың судағы қауіпсіздігі ата-аналарға байланысты. Су қоймаларына барған кезде балалардың су қоймаларына жақын жерде үлкендердің қарауынсыз болуына жол бермеңіз!

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру