Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Полицейлер жазасын өтеп жатқан адамдармен онлайн-дәріс өткізді

Жамбылдық полицейлер бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жатқан адамдармен онлайн-дәріс өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2020 жылғы 21 желтоқсанда Жамбыл облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД қызметкерлерімен бірлесіп, онлайн-режимде бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жатқан адамдармен қылмыстық және есірткіге қарсы заңнамаға қатысты түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

№158/2, 158/4, 158/7 УЖД -де онлайн-дәрістер «Есірткінің зияны және оларды қолданудың салдары туралы», «Синтетикалық есірткінің жаңа түрлері туралы» тақырыптарында есірткіге қатысты бейнероликтерді көрсетумен өткізілді.

Дәрістің мақсаты – сотталғандар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, нашақорлыққа қарсы күрес шараларын күшейту.

Дәріс барысында синтетикалық есірткінің зияны туралы мәселелер талқыланып, Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық, қылмыстық-процестік заңнамаларды жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар, сондай-ақ қылмыстық құқық бұзушылықтардың жаңа баптары турасында ақпарат берілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру