Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Полицейлер жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуде

Алматы маңындағы полицейлер жол жиегімен және қарсы жолақпен жүретін жүргізушілерді ерекше бақылауға алды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы облысының полицейлері жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған кезекті жұмыстарды ұйымдастырды. Жұмыс, негізінен, автокөлік құралдарының ағынына байланысты жол қозғалысы қиындаған Іле және Қарасай аудандарында жүргізілуде.

– Соңғы уақытта жол жиегі арқылы кептелістерді айналып өтетін немесе қарама-қарсы қозғалыс жолағына өтетін жүргізушілер туралы шағымдар жиілеп кетті. Осы сұрақтарды пысықтау мақсатында патрульдік полиция жасақтары осындай құқық бұзушыларға қатысты мақсатты профилактикалық, сондай-ақ пәрменді шаралар жүргізуде. Себебі, мұндай жол қозғалысы ережелерін бұзудың салдары ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін, – дейді Алматы облысы ПД ЖПҚБ патруль батальонының командирі Нұрлан Искаков.

Естеріңізге сала кетейік, қазіргі уақытта облыс аумағында «Қауіпсіз жол» жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілуде.Оның аясында басты назар апаттылықты азайтуға және жол-көлік оқиғаларының алдын алуға, жол қозғалысы қатысушылары арасындағы жол қауіпсіздігі талаптардың сақталуына бақылау жүргізуге, тиісті қоғамдық тәртіпті, жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, қылмыстар мен өзге де заңға қайшы әрекеттердің уақтылы алдын алуға және жолын кесуге аударылады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру