Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ерлердің түзету колониясына тұрғын телефон лақтырып, қашып кетпек болды

Атырауда түрмеге телефон лақтырған азамат ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

20 қыркүйекте кешкі жетілер шамасында Атырау қаласының 23 жастағы тұрғыны Атырау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі Департаментіне қарасты УГ-157/9 мекемесінің (ерлер түзету колониясыдуалынан төрт ұялы телефон мен 4G роутері салынған пакетті лақтырған.

Қарауыл оны байқаған бойда ол өз “Приорасына” мініп кетіп қалыпты. Бірақ көп ұзамай оны ҚАЖД қызметкерлері полициямен бірге ұстады.

– УГ-157/9 қызметкерлері колония периметрі бойынша орнатылған “Сергек” камерасына түсіп қалған көлікке бағдар берді, – дейді УГ-157/9 бастығы Думан Тәженов. – Бір сағаттың ішінде құқық бұзушы Береке ықшам ауданында ұсталды.

Оған қатысты ҚР ӘҚБтК-тің 481-бабы (Қылмыстық-атқару жүйесiнің мекемелерiнде, арнаулы мекемелерде ұсталатын адамдарға тыйым салынған заттар, бұйымдар мен нәрселер беру) бойынша хаттама толтырылды. Бұдан басқа, ол жүргізуші куәлігінен айырылған болып шықты, енді ҚР ӘҚБтК-тің 612-бабы 3-тармағы (Көлiк құралын басқару құқығынан айрылған жүргiзушiнiң көлiк құралын басқаруы) бойынша да жазаланады.

ҚАЖД қызметкерлері “тапсырыс берушілерді” анықтады, колония әкімшілігі оларға тәртіптік жаза қолданды. Ал телефон лақтырған қала тұрғына 10 күнге әкімшілік қамаққа алынды.

Атырау облыстық ҚАЖД баспасөз қызметі ҚАЖД-нің барлық мекемелерінде заң бұзушыларды анықтау мақсатында бақылау камералары орнатылғанын атап өтті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру