Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Полицеймен онлайн-кездесу өтті

Қарағанды қаласының №16 жалпы білім беретін орта мектебінің бастамасымен сыныптан тыс онлайн-сабақ ұйымдастырылды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

11 мамырдан бастап еліміз бойынша жарияланған төтенше жағдай режимі алынып, алайда індеттің таралуына жол бермеу мақсатындағы кейбір карантиндік шаралар өз күшінде қалған болатын.

Мектепке дейінгі мекемелер, орта білім беретін мектептер, жоғары оқу орындары өздерінің жұмысын онлайн режимінде немесе қашықтықтан оқыту арқылы жүзеге асырып жатқандары мәлім.


Сонымен, 15 мамыр күні Қарағанды қаласының №16 жалпы білім беретін орта мектебінің бастамасымен сыныптан тыс онлайн-сабақ ұйымдастырылған болатын. Бұл сабаққа Қарағанды қаласының ПБ Оңтүстік-шығыс полиция бөлімінің кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторы Факизат Төлтаева арнайы қонақ ретінде шақыртылып, оқушылармен онлайн режимде сұхбат жүргізіп, қылмыс пен құқық бұзушылықтардың алдын алу шаралары жайында сөз қозғаған болатын.


Оқушылардың ішінде полицейлердің ерлік әрекеттерін айтып, мақтан тұтып, болашақта полицей болуды армандайтындарын айтып бөліскен балалар болды.


Интернет жүйесі арқылы учаскелік полиция инспекторымен осындай кездесу алғаш рет ұйымдастырылып отырғанын атап өту қажет. Осындай кездесулердің болашақ жастарға патриоттық тәрбие беруде рөлі айрықша.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру