Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Полиция азаматтарды алаяқтардан қорғау үшін 13 мың жадынама таратты

Түркістан облысында полиция азаматтарды алаяқтардан қорғау үшін 13 мың жадынама таратты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қазіргі таңда облыс орталығындағы 8 ледэкранда алаяқтан сақтандыру үшін жасалған ескерту бейнежазбалары көрсетіліп, қала, аудандағы полиция қызметкерлерімен 3 тәулікте адамдар көп шоғырланатын аумақтарда екі тілде жазылған 10 мың ескерту қағазын, 3 мың жабыстырмалы жадынама таратылды.

Бұл шараны Түркістан облысы полиция департаментінің криминалдық полиция басқармасының алаяқтық қылмысымен күрес тобының қызметкерлері ұйымдастыруда. Профилактикаға баса назар аударған полицейлер қылмыстың алдын алып, тұрғындарға құқықтық кеңес беру, қарапайым сақтандыру ережелерін үйрету жұмыстары қарқынды жүргізіп жатыр. Алаяқтықтың түрлері, оның жасалу жолдары мен қорғану әдіс-тәсілдерін көрсету бағытында қала көшелерінде түсіндірме шараларын атқаруда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру