Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Полиция бөлімшелерінде 18 мыңнан астам бейнебақылау камерасы орнатылды

Полиция бөлімшелерінде қосымша 18 мыңнан астам бейнебақылау камерасы орнатылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ішкі істер министрінің нұсқауы бойынша бейне бақылаумен жабдықталмаған кабинеттерде профилактикалық әңгімелесулер, сұрау салу және жауап алу жағдайлары болмауға тиіс.

Бүгінде барлық тергеу кабинеттері мен адамдарды қамауда ұстау орындарында камералар орнатылып, полиция ғимараттарында процессуалдық әрекеттерді жүргізу үшін кезең-кезеңімен «ашық кабинеттер» енгізіледі. Сонымен қатар, «соқыр аймақтарды» ескере отырып, қызметкерлер жергілікті халықпен жұмыс істейтін полиция бөлімшелірінде қосымша 18 148 бейнебақылау камерасы орнатылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру