Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Полиция мал ұрлығымен айналысқан адамдар тобын ұстады

Түркістан облысы ПД криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері Сарыағаш ауданының аумағында мал ұрлығымен айналысқан адамдар тобының қылмыстық әрекетін тоқтатты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында 3 күдіктіні ұстады. Олардың біреуі сатып алушы болған. Олардың барлығы мал ұрлығының 3 фактісіне қатысы бар Сарыағаш ауданының тұрғындары. Жалпы шығын көлемі 1,5 миллион теңгеден асты.

Мәселен, осы жылдың жазында күдіктілер оңай пайда табу мақсатында жергілікті тұрғынның ауласына кіріп, қорада тұрған жылқысын ұрлап кеткен. Содан кейін олар ұрланған жылқыны сатып алушыға өткізіп, ал ақшаны өз қажеттіліктеріне жұмсаған. Тінту кезінде полиция ұрланған жылқыны тәркіледі.

Қазіргі уақытта аталған фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде және барлық мән-жай анықталады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру