Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Полиция мектеп директорларымен онлайн-кездесу өткізді

Алматы полициясы мектеп директорларымен онлайн-кездесу өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы қаласы Білім басқармасының ресурстық орталығында кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу шаралары, сондай-ақ балалардың бос уақытын өткізу туралы бейнеконференция өтті. Оған 239 білім беру ұйымдарының басшылары, сегіз аудандық білім бөлімінің басшылары, 205 орта мектеп пен 14 мектеп-интернаттардың директорлары, 20 мемлекеттік колледждердің директорлары қатысты.

«Кездесуде кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, сондай-ақ жазғы демалыс кезінде балалардың демалысы мен жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру бойынша жоспарланған іс-шаралар талқыланды. Бірлескен алдын-алу шаралардың нәтижесінде кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықты азайтудың оң үрдісі байқалды. Кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыс 36,0% төмендеді. Кәмелетке толмағандардың өздеріне қарсы жасалған қылмыстар саны 50% төмендеді. Сонымен қатар, білім беру ұйымдарына ерекше назар аудару және тәрбие жұмысын бақылауға алу керек негізгі мәселелер анықталды. Қазір балалар қашықтықтан білім алуда және карантин режимінде үйде отыр. Рұқсатсыз балалардың үйден кету фактілері бар, олар негізінен ата-аналарымен болған жанжалдан кейін», – деп қорытындылады Алматы қалалық ПД жергілікті Полиция қызметі басқармасы ювеналды полиция бөлімінің басшысы Лейла Әліпбаева.

Мұғалімдерге полицияның төтенше жағдай мен карантин ережелерін бұзушылықтардың алдын-алу бойынша қолданған шаралары, сондай-ақ, олардың бұзылғаны үшін заңға сәйкес жауапкершілік бар екендігі түсіндірілді.

«27 сәуірден бастап балаларға аулаға, ойын алаңына кіруге рұқсат етіледі, және олар жеке гигиена ережелерін сақтауы керек, маска киіп, антисептикалық заттармен қамтамасыз етілуі керек. 14 жасқа дейінгі балаларға тек ересектермен бірге шығуға рұқсат етіледі. Осы кезеңде 26 жасөспірім төтенше жағдай мен карантинді бұзғаны үшін анықталды. Оларға және олардың ата-аналарына ҚР ӘҚбК-нің 476 бабына сәйкес тиісті шаралар қолданылды. Қазір балалардың бос уақыты көп, алда жазғы демалыстар да күтілуде. Бұл жерде мектеп демалысы кезінде олардың демалысы мен жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру бойынша шаралар қабылдау қажеттігін бірлесіп талқылауымыз керек. Әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардағы балаларға ерекше назар аудару керек.
Құрметті әріптестер, біз балаларымыздың қауіпсіздігі үшін үлкен жауапкершілігіміз бар. Біздің бірлескен күш-жігеріміз болашақта оң нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік беретініне сенімдімін», – деді Әліпбаева.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру