Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Заңсыз балық аулаған екі тұрғын ұсталды

Павлодар облысында екі ер адам заңсыз үш келіден астам балық аулағаны анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

29 сəуір түнгі сағат 23.30-да рейдтік тексерулер өткізу барысында, Тереңкөл ауданы ПБ жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің қызметкерлерімен, Ынталы ауылының жанындағы Ертіс өзенінің төгілімінде 35 жəне 39 жастағы екі тұрғын ұсталды.


Олар мас күйде, өңірде енгізілген өзін-өзі сақтау режиміне қарамастан, балық аулақ мақсатында түн жарымында қармақтарын алып өзен жағасына жайғасқан.


Екі ер адам табиғатты қорғау заңнамасының талаптарын бұзып, браконьерлік тəсілмен сүйрікті пайдалана отырып, балық аулаған.


Жеке заттарын тінту барысында балықшылардан қолдан жасалған рюкзак, бес дана торлы ау, үш келіден астам шортан жəне ақтабан тұқымды екі түрлі балық, сонымен қоса екі батпаққа киетін резеңке киім табылып, тәркіленді.


Аталмыш факт бойынша бұл тұлғалар ҚР ƏҚБтК 383-бабы 3-тармағы бойынша жауапқа тартылып, материал процессуалдық шешім қабылдау үшін сотқа жіберілді.


Полиция қызметкерлері балықшыларға коронавирус індетіне байланысты енгізілген ерекше жағдайда балық аулауға тыйым салынғандығын ескертеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру

Электрондық почтаңыз жария етілмейді.