Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қылмыстық-атқару жүйесінде кадрлық тағайындаулар орын алды

Өңірлік қылмыстық-атқару жүйесінде бірқатар кадрлық өзгерістер орын алды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Ерлан Тұрғымбаевтың бұйрығымен Қызылорда облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің басшысы болып, осыған дейін Шымкент қаласы бойынша ҚАЖ департаменті басшысының орынбасары болған Шаймерден Тәжіқұлұлы Есенкелдиев тағайындалды.

Ш.Т.Есенкелдиев 1977 жылы туған, Түркістан облысының тумасы. 1998 жылдан ішкі істер органдарында, ал 2003 жылдан бері пенитенциарлық жүйеде қызмет атқарады. Әржылдары Шымкент қаласындағы қылмыстық-ақару жүйесі мекемелерінде және департаментте басшылық лауазымдарда жұмыс істеген.

Сондай-ақ, осындай бұйырықпен Қарағанды және Жамбыл облыстары бойынша ҚАЖ департаменттері басшыларының орынбасарлары тағайындалды.

Қарағанды облысы бойынша ҚАЖ департаменті басшысының орынбасары лауазымына әділет полковнигі Шакиров Бекболат Еркебайұлы тағайындалды. Б.Шакиров 2000 және 2010 жылдар аралығында Ш.Қабылбаев атындағы ІІМ Қостанай академиясында ғылыми-оқытушылық қызметтермен айналысқан. 2010 жылдан бері Нұр-Сұлтан (Астана) қаласы және Қарағанды облыстарындағы қылмыстық-атқару жүйелерінде түрлі басшылық қызметтерді атқарған. Соңғы жұмыс орны – ҚАЖ комитетінің басқарма басшысы.

Жамбыл облысында ҚАЖ департаменті басшысының орынбасары болып Еркін Үсенұлы Нұрбаев тағайындалды. Е.Нұрбаев ҚАЖ саласындағы еңбек жолын ЖД-158/4мекемесінде сотталғандар арасында тәрбие жұмысы жөніндегі бөлімде жасақ басшысы болып бастаған. Қазіргі тағайындалған лауазымына дейін осы облыстағы ЖД-158/2 мекемесінің басшысы қызметін атқарды.

Жаңадан тағайындалған лауазымды тұлғалар қылмыстық-атқару жүйесінің барлық қызметтік деңгейінен өткен және осы салада үлкен тәжрибеге ие.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру