Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Интернет байланысы үзілмейді

Шығыс Қазақстан облысы бойынша ҚАЖД қатаң тәртіптегі түзеу мекемесінде жазасын өтеп жатқан сотталғандар жақындарымен онлайн-кездесу ұйымдастырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Біз коронавирустың пандемиясынан бүкіл әлем тыныштығы мен өмір ырғағының бұзылғанын және бұл вирустың бүкіл адамзатқа әсер еткенін білеміз. Қазіргі жағдайда адамдар аз сөйлесіп, достарымен, туған-туыстарымен кездесуден қалды.
Әрдайым адамдар бірге бола алмайды және туыстарының қасында бола алмайды, бірақ бұл жағдайда да бүкіл әлемдегі интернет желісінің көмегімен адамдар байланыстарын үзбейді.
Бұл байланыс қазір еліміздің түзеу мекемелерінде ұйымдастырылып жасалып жатыр. Қалай айтқанда да сотталғандар да адамдар және олар әр кез туыстарымен жақындарының өмірі үшін алаңдайды. Шығыс Қазақстан облысы бойынша ҚАЖД қатаң тәртіптегі түзеу мекемесінде жазасын өтеп жатқан сотталған Дамир бүгін анасымен интернет желісі “Skype” арқылы жолдады сөйлесіп үйден шықпауды өтінді. Ол 11 жылға сотталған, жазасын 2012 жылдан бастап өтеп келеді.

“Жақын туыстарымнан анам ғана бар, аталған індетке байланысты анамның денсаулығы үшін алаңдаймын. Ол қант диабетімен, қан қысымы ауруымен ауырады – дейді Дамир.


Анасымен “skype”арқылы сөйлесіп жатып көзге жас келген сәттерін де байқамай қалды.
Сотталғандардың туыстарымен жақындарымен қарым қатынаста болуы олардың түзу жолға түсуінің кепілі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру