Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Полицейлер қан тапсырды

Елімізде төтенше жағдай режимі жарияланып, шектеулер қойылған сәттен бастап донорлардың саны күрт төмендеді. Осыған байланысты, жамбылдық полиция қызметкерлері қан тапсырды, деп хабарлайды Polisia.kz.

2 сәуірде Жамбыл облыстық қан орталығының кезекті қан тапсырушылары облыстық Полиция департаменті басшысының орынбасары Темірбек Оразымбетов бастаған тергеушілер мен анықтаушылар болды.

Қан тапсыру арқылы полиция қызметкерлері  халыққа көмек көрсетуде тек сөз жүзінде ғана емес, іс-әрекетімен азаматтық белсенді көзқарастарын танытып, адамгершіліктің үлгісін көрсетті.

Қазір медицина қызметкерлері полициямен бірге пандемияның кеңінен таралмауына тосқауыл болуда алдыңғы қатарда қызмет етіп жатыр. Біз бүгін медицина қызметкерлеріне аз да болса өз үлесімізді қостық деп ойлаймын,- деді Т.Оразымбетов.

 Қазіргі уақытта әлемдік дәрежеде таралған короновирустық инфекциядан адамдардың денсаулығын сақтауда донорлық қан топтамаларының толық болуы аса маңызды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру