Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Бақылау-өткізу пунктінде полицейді қағып кетті

Алматыда бақылау-өткізу пунктінде полиция қызметкерін қағып кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бұл оқиға 30 сәуірде күндіз Алматы қаласының Медеу ауданында орын алды. “BMW” маркалы көліктің жүргізушісі Талғар тас жолымен батыс бағытта келе жатып, № 13 бақылау-өткізу пунктінде қызмет етіп тұрған полиция қызметкерін соққан.

 


Полиция қызметкері жарақат алмаған. Көлік жүргізушісі 1943 жылы туған А.есімді ер адам. Оқиға болған жерде жергілікті полиция қызметі Басқармасының қызметкерлері ҚР ӘҚбК-нің 610-бабына сәйкес әкімшілік хаттама жасады.


Соқтығысу фактісін тергеуді Медеу ауданының ПБ әкімшілік-тәжірибелік бөлімі жүргізеді.

Оқиғаның басқа мән-жайлары одан әрі заңға сәйкес шаралар қабылдау арқылы анықталады.

 

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру