Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Полиция қызметкері білімді де, білікті де болуы керек

23 маусым – Қазақстан полициясы күні қарсаңында Polisia.kz редакциясы Отанына адал қызмет етіп, ел қорғаны болған полицейлер туралы жарияламақ.

ҚР полициясының құрылғанына биыл 28 жыл толды. Осы саланың аяққа тұрып, гүлденіп, дамуын көз алдарында өткерген ішкі істер органдарында 15 жылдан астам қызмет атқарып келе жатқан қызметкерлердің бірі Қызылорда облысы Полиция департаментінің Тергеу басқармасының аса маңызды істері жөніндегі аға тергеушісі полиция подполковнигі Жауенов Аскар Абдрашитұлы.

Ата заңымыздың айрықша мәні-адамның құқықтары мен бостандықтарының басымдығын бекітіп, заң шығарушы, атқарушы және ішкі істер органдарының бүкіл қызметі адамның құқықтары мен бостандықтарын қорғауға бағытталғанын айқындайды. Біздің елімізде әр адам өз құқықтары мен бостандықтарын ішкі істер органдары арқылы қорғауға құқылы. Қызметін 2004 жылы тергеу саласынан бастаған Асқар Жауенов осы күнге дейін өз ісіне адал болып, қызығушылықпен антына берік болып, тергеуші қызметін абыроймен атқарып келеді.


Асқар Жауенов жанұялы, үш бала тәрбиелеуде.

Оның тәжірибесінде ашылмай қалған қылмыстарды тергеп, олардың ашылуларына өзінің кәсіби білімділігінің арқасында істер ашылған.

– Кәсіптің жақсысы, жаманы болмайды. Полиция қызметкерлерінің жұмысын
оңай деп ойлайтындар жаңылысады. Себебі, полиция қызметкерлерінің
басты ұстанымы – берген антына берік болу, қызметінде таза болу, қандай
қиындықтар, кедергілер болса да шыдау. Ал бұл- кез келгеннің қолынан келе
бермейтін іс. Өмір деген қателесу мен қателігіңді түзеуден тұрады, – дейді
Асқар.

Полиция қызметкерінің міндеті – заңдылықтың сақталуын қадағалау, қылмыстың алдын алу. Тәртіп үшін заңнан мәртебелі ештеңе жоқ. Сондықтан, әр тәртіп сақшысының бойынан адалдық пен кәсібилікті болуы тиіс.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру