Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы қаласының ТЖД қызметкерлері мерекені онлайн-режимде атап өтті

Алматы қаласының ТЖД-де Қазақстан полициясы күні мен ҚР Мемлекеттік қызметшілер
күні мерекелері онлайн-режимінде атап өтілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

1992 жылы ҚP Жоғарғы Кеңесі “Қазақстан Республикасының Ішкі істер органдары туралы” Заңын қабылдады. Бұл Қазақстан полициясының міндеттері мен функцияларын анықтаған алғашқы
құқықтық акт болды. 2007 жылы мемлекет басшысының Жарлығымен 23 маусым ресми түрде полиция күні болып бекітілді, 23 маусым – Елбасы жарлығымен Мемлекеттік қызметшілер Күні болып бекітілді.

Бүгін, 23 маусымда Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті бастығы Серік Әубәкіров онлайн-режимінде құттықтау сөз сөйледі. Ол қазіргі уақытта Полиция департаменті мен ТЖД қауіпсіздікті қамтамасыз ету, ТЖ алдын алу және жою бойынша міндеттерді кешенді түрде шешуге қабілетті жоғары деңгейде әрекет ететін заманауи жедел әрекет ету жүйесі болып табылатынын айтты. Ал әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің қазақстандық корпусы – еліміздің кез келген жерінде жұмыс істеуге қабілетті мыңдаған кәсіби мамандар қызмет атқаратын ұжым. ТЖД мемлекеттік қызметкерлеріне ерекше міндеттерді шешуге тура келеді, олар аттестатталған қызметкерлермен бірдей ауыр жұмыстар да атқарады. Біздің қызметкерлер қираған үйлерден, түтінге және отқа оралған ғимараттардан, қираған көлік құралдарынан зардап шеккендерді құтқарады, су басқан аумақтарда жұмыс істейді. Осылайша жүздеген, тіпті мыңдаған адамдардың өмірін сақтап қалады.

Салтанатты шараның ең толғандыратын сәті гарнизонның басшылық және қатардағы құрамын, сондай-ақ, Алматы қаласының өзара әрекеттесу қызметтері қызметкерлерін марапаттау рәсімі болды.

Азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесін дамытуға және жетілдіруге қосқан үлесі, қызметтік міндеттерін үлгілі орындағаны үшін, Қазақстан полициясының құрылғанына 28 жыл және ҚР
Мемлекеттік қызметшілер Күні мерекесіне байланысты бірқатар қызметкерлер мен өзара іс-қимыл қызметінің өкілдері ҚР Ішкі істер Министрінің, ҚР IIМ ТЖК, сондай-ақ, Департамент бастығының алғыс хаттарымен марапатталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру