Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Полиция қызметкерімен болған жанжал туралы мәлімдеме жасалды

Полиция қызметкерлерімен жанжал туралы Алматы қаласы ПД-нің басшысы Қанат Таймерденов мәлімдеме жасады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полицейді қорлаған және күш қолданған ер адамдар жауапқа тартылды. Олардың әрекеттері ҚР Қылмыстық кодексінің 380-бабы (билік өкіліне қатысты күш қолдану) және 378-бабы -(билік өкілін қорлау) бойынша тіркелді.

«19 наурыздан бастап Алматыда карантин режимі енгізілді. Короновирустық инфекциямен күрес жөніндегі жедел штабтың алгоритміне сәйкес, азаматтарға ерекше жағдайларда ғана үйлерінен шығуға болады: дәріханаға, дүкенге немесе медициналық мекемелерге жедел бару керек болса. Азаматтардың төтенше және карантиндік талаптарды сақтауын бақылауды ішкі істер органдары жүзеге асырады. Осыған байланысты, полиция қызметкерлері, Ұлттық ұлан, Қорғаныс министрлігі және құқық қорғау органдарының жоғары оқу орындарының курсанттарынан қаладағы тәртіпті қамтамасыз ететін жаяу патрульдер құрылды. Гоголь мен Қайырбеков көшелерінің қиылысындағы патрульдік жасақтардың бірі бір топ жастарды байқап қалды. Олар онлайн режимде фитнес – жаттығулардың түсірілімін жасап жатты. Учаскелік инспектор келіп, карантин кезеңінде қажет жағдай болмаса үйден шығуға тыйым салынатындығын айтып ескерту жасады. Оның үстіне, бұл азаматтардың қасында кішкентай бала болды, және олар оның денсаулығына қауіп төндірді», – деді Алматы қалалық Полиция департаментінің басшысы Қанат Таймерденов.

Жастар полиция қызметкерінің ескертуіне агрессивті жауап берді: олар мемлекеттік қызметкердің заңды талаптарына бағынбай, оған қарсы күш қолданды. Нәрестенің анасы өзінің заңсыз әрекеттерімен жанжалды жағдай туғыза бастады. Төтенше жағдайды бұзғаны үшін ол кейінірек жауапқа тартылатын болады.

«Жасаған әрекеттері үшін бұл азаматтар заң алдында қатаң түрде жауап береді. Құқық бұзушылар өз әрекеттерімен билік өкілінің заңды талабын және ел билігі мен тұтас қоғамның, әрбір қазақстандықтың өмірі мен денсаулығын сақтау мақсатында қабылдаған шараларын елемеді. Учаскелік полиция инспекторына қарсы күш қолданған ер адамдарға қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Ұсталғандар уақытша ұстау изоляторына қамалды. Биліктің заңды талаптарына бағынбаған жағдайда мұндай фактілер қатаң түрде жазаланатын болады. Мен, азаматтарды карантин режимін қатаң сақтауға, сондай-ақ, өздерін және басқаларды жұқтыру қаупіне ұшыратпауға шақырамын», – деді Таймерденов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру