Полиция қызметкерлері мен қорықшылар Петропавлда адасқан елікті құтқарды
Полиция қызметкерлері мен қорықшылар Петропавлда адасқан елікті құтқарды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ақпан айында табиғатты қорғау полициясының қызметкерлері «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында жұмыс істейтін болады. СҚО полицейлері мүдделі органдармен бірлесіп аңшылық шаруашылықтары мен қорғалатын табиғи аумақтар бойынша рейдтерге кірісті. Мақсаты – табиғи ресурстарды браконьерлік пайдалану, аң және балық аулау ережелерін бұзу фактілерін анықтау және жолын кесу.
– Қазіргі уақытта тұяқты жабайы жануарларды аулауға тыйым салынғанын атап өтеміз. Осы қыста жануарлардың көші-қонының өзгерген жолдары облыста көптеген еліктердің пайда болуына әкелді. 3 мың айлық есептік көрсеткіш айыппұлдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырумен көзделген қылмыстық жауапкершілік төнетінін ұмытпауларыңызды сұраймыз, — дейді СҚО ПД ЖПҚ басқармасы табиғатты қорғау полициясы тобының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Асхат Қожабаев
Сондай-ақ, СҚО ПД қызметкерлері жүргізушілерге тек қала сыртындағы трассаларда ғана емес, жолдарда да еліктердің пайда болуы мүмкін екенін еске салады.
30 қаңтарда сағат кешкі 18:00 шамасында елік Петропавлдағы Жұмысшы кентінің аумағына бет алған. Жануар қаланың ішінде адасып кеткен, бұл өз кезегінде жол-көлік оқиғасын тудыруы мүмкін. Жергілікті тұрғындар бұл туралы «102» арнасына хабарлады. Шақыруға табиғатты қорғау полициясының қызметкерлері мен қорықшылар келіп жетті. Олар № 43 мектеп стадионында елікті ұстады. Содан кейін аңшылар жануарды орманға апарып, табиғи ортасына жіберді.