Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО полицейлері көлік жүргізу құқығынан айырылған мас жүргізушіні ұстады

ШҚО полицейлері көлік жүргізу құқығынан айырылған мас жүргізушіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Зайсан қаласын патрульдеу барысында полицейлер орта дәрежелі мас күйде, ВАЗ автокөлігін басқарған қаланың 31 жастағы тұрғынын анықтады. Тексеру барысында аталған азаматты сот 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырғанына тура бір ай өткені белгілі болды, бірақ бұл оның қайтадан рульге отыруына кедергі келтірмеген.

Қазіргі уақытта көлік мамандандырылған автотұраққа қойылды. Көлік құралын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік масаң күйде болған адамның көлік құралын басқару фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Осы жылдың басынан бері 100-ден астам жүргізуші мас күйде рульге отырған, оның 3-і көлік құралын басқару құқығынан айырылғанын айта кеткен жөн.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру