Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Маңғыстау облыстық ПД-да үздік қызметкерлер наградталды

Маңғыстау облысы полиция департаментінде Отан қорғаушылар күні және Жеңіс күніне орай салтанатты іс-шара өткізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ведомство бастығы Аян Дуйсембаев ішкі істер органдары ардагерлері және департаменттің жеке құрамымен қызметтік міндеттерін өтеу барысында қаза болған ішкі істер органдары қызметкерлерінің ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.

ПД бастығы алғысөз сөйлеп, жеке құрамды қос мерекемен құттықтады.

Сондай-ақ өңірдің бас полицейі қызмет бабында үздік нәтижелерге қол жеткізген бірқатар тәртіп сақшысына марапаттар табыстады.

ҚР ішкі істер министрі Ержан Саденовтің құзырымен маңғыстаулық үш полицей мерзімінен бұрын арнаулы атақтарын алып, екі қызметкер “Құқық тәртібін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін” медалімен марапатталып, төрт қызметкер төсбелгі, Құрмет грамотасы және алғыс хаттарға ие болды.

Айтулы мейрам қарсаңында ішкі істер органдарына қызметке кірген алты полиция қызметкері салтанатты түрде ант қабылдады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру