Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жамбыл облысында ҚАЖД қызметкерлері марапатталды

Жамбыл облысында ҚАЖД қызметкерлері марапатталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

7 мамыр – Отан қорғаушылар және 9 мамыр Жеңіс күні қарсаңында бірқатар ҚАЖ қызметкерлері марапатталды. Жеке құрам қызметкерлерімен саланың ардагерлері бас қосқан салтанатты жиында өңірлік ҚАЖ департаментінің бастығы Жәнібек Қосжанов әріптестерін айтулы мерекемен құттықтап, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрі Ержан Саденовтың бұйрығына сәйкес марапатталғандарға ізгі тілегін жеткізді.

“Қылмыстық-атқару жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін” медалімен Бекзат Ортаев, Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД №25 мекемесінің жедел бөлімінің бастығы марапатталды. “Қылмыстық-атқару жүйесінің үздік төсбелгісімен” Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД №59 мекемесінің сотталғандар арасындағы тәрбие және әлеуметтік психологиялық жұмысы бөлімінің жасақ бастығы – Ринат Ақышев, Қазақстан Республикасы ІІМ Құрмет грамотасымен Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД №26 мекемесінің кезекші қызметінің мекеме бастығының кезекші көмекшісі – Ғалым Тамабаев, Қазақстан Республикасы ІІМ грамотасымен Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД №26 мекемесінің бақылаушылар қызметі бөлімінің аға бақылаушысы – Жеңісбек Аязбаев,  Медет Боранбаев – Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД №26 мекемесінің бақылаушылар қызметі бөлімінің аға бақылаушысы алғысхатпен марапатталды. 

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру