Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Өскеменде дрифт жасаған жүргізуші жауапқа тартылды

Өскеменде дрифт жасаған жүргізуші жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ер адам өзінің жол жүрісі қағидаларын бұзған сәтін видеоға түсіріп, әлеуметтік желіге жариялаған. Бұл жағдай Әуезов даңғылында демалыс күні болған.

28 жастағы лихач Инстаграмда қызықты бейнеролик көрсету мақсатында, жол жүрісі қағидаларын бірнеше тармақтарын бұзып қана қоймай, өзі үшін де, айналасындағылар үшін де қауіпті жағдай туғызған.

Сонымен қатар ер адам маневр жасау кезінде бұрылу белгісін қоспай, артқы доңғалақтардын әдейі сырғытқан, осылайша жол белгілері мен жол жабынын зақымдаған.

Көлік жүргізушісіне қатысты жол жүрісі қағидалары, яғни, қозғалыс басталғанға дейін бағытты өзгерту, бұрылу, кері бұрылу немесе тоқтау сигналын беру талаптарын орындамағаны үшін, сондай-ақ жолдарға зақым келтіргені үшін хаттамалар толтырылды.

Аталған бұзушылықтар үшін оған айыппұл төлеуге тура келеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру