Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Полиция қызметкерлері «Қызыл кітапқа» енген бүркітті анықтады

Естеріңізге сала кетейік, Түркістан облысы аумағында тәртіп сақшылары «Браконьер» жедел-алдын алу іс-шарасын өткізуде.

Рейдтік іс-шаралар кезінде Бәйдібек АПБ ЖПҚ-нің қызметкерлері жеке үйлердің бірінен жергілікті тұрғыннан заңсыз ұстап алған бүркітті тапты. Полицейлер анықтағандай, заңсыз ұсталынған бүркіт құстардың сирек кездесетін түріне жатады және ҚР «Қызыл кітабына» енгізілген.


Аталған жайт бойынша Қылмыстық кодекстің 339-бабы «Өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Бүгінгі таңда ұсталған ер азамат қолхатта.
Табылған бүркітті полиция қызметкерлері Шымкент хайуанаттар бағына өткізді.

Сонымен қатар, «Браконьер» жедел алдын алу іс-шарасы кезінде табиғат қорғау полициясының қызметкерлері 3 экологиялық қылмысты анықтады, оның ішінде 1 заңсыз балық аулау мен 1 заңсыз жер қойнауын пайдалану жәйттары. Сондай-ақ, рейдтік іс-шаралар кезінде тәртіп сақшылары 174 әкімшілік құқық бұзушылықты тіркеп, миллион теңгеге жуық айыппұл салды.
Жалпы «Браконьер» жедел алдын алу іс-шарасы барысында Түркістан облысының полицейлері браконьерлерден тіркелмеген 6 дана аңшы мылтығы мен 4 центнер заңсыз ауланған балық және балық аулау құралдарын тәркіледі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру