Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Полиция қызметкерлері республикалық жарыста топ жарды

Қызылорда облысының полиция қызметкерлері республикалық жарыста топ жарды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Тәуелсіздік – бәрінен қымбат» атты бағдарламалық мақаласын қоғамға кеңінен насихаттау мақсатында «Білім өркениеті» ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу және «Жаңа Қазақстан» республикалық инновациялық орталықтарының ұйымдастыруымен «Егемен ел патриоты» республикалық байқауы өткізілген болатын.

Мықтылар жиналған байқауға Қызылорда облысы полиция департаментінің жедел-криминалистикалық басқармасының аға криминалисі Ильяс Райханов, тәрбие және кадр жұмысы басқармасының аға инспектор психологы Сандуғаш Мырзахметова және Жалағаш ауданы полиция бөлімінің анықтау тобының аға анықтаушысы Абай Бақберген қатысты.

Сырдың сақшылары республикалық додада топ жарып, үздік атанды. I дәрежелі дипломдармен және «Егемен ел патриоты» төсбелгілерімен марапатталды.

Сонымен қатар Қызылорда облысы полиция департаментінің тәрбие және кадр жұмысы басқармасының жеке құрам жөніндегі инспекция бөлімінің бастығы Нұрлан Абишев және ақпараттық саясат бөлімінің инспекторы Бейбарыс Ерсайын облыс әкімінің алғыс хатына ие болды.

Жеңіспен оралған және мінсіз қызметімен ерекшеленген полицейлерді Қызылорда облысы полиция департаменті бастығының орынбасары Оралбек Омаров құттықтап, сый-құрмет көрсетті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру